ABCHESS-ке қош келдіңіздер!

ABCHESS мектебін 2016 жылы халықаралық шебер Аккозов Берик негізін қалаған. Ең алғашқы күндерден бастап біздің миссиямыз – сапалы шахмат білімін әр адамға қолжетімді ету. Біз әрбір оқушыны бағалап, оларға жылы әрі қолдау көрсететін орта беруге тырысамыз. 
Сізге шахмат жолында сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймізм! 🙌🏻💫
Техникалық тұстары
Сабақтар офлайн филиалдарда немесе Zoom арқылы онлайн форматта өтеді. Екі форматта да жаттықтырушылар ABCHESS және LICHESS оқу платформаларын қолданады.
ABCHESS платформасы
ABCHESS платформасы не үшін қажет?

ab-chess.com платформасы - материалды өздігінен оқуға және қайталауға арналған ыңғайлы құрал. Әр сабақ жаттықтырушымен өткен тақырыптарды бекітіп, қайталауға арналған бейнематериалдар мен қосымша тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды қамтиды.


➡️ Сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта платформада жаттыға аласыз, ал жаттықтырушы үй тапсырмаларын беріп, сіздің үлгеріміңізді қадағалап отырады.

ab-chess.com платформасындағы тапсырмаларға қалай қол жеткізуге болады?

Сізге платформаға тіркеліп, біздің WhatsApp нөмерімізге +7 705 573 8284 (оқушылармен жұмыс жөніндегі менеджер) жазу керек. Біз сізге рұқсатты ашамыз.*
ab-chess.com платформасына тіркелу нұсқаулары
*Шағын топтарда, жеке оқушыларда жазылым оқу бағасына кіреді.

** AB-Class тобында жазылымды 50% жеңілдікпен сатып алуға болады.

LICHESS сайты
Lichess дегеніміз не?
https://lichess.org/ – шахматшыларға арналған ойын алаңы. Жаттықтырушы Lichess-ті сабақ кезінде оқушылардың бір-бірімен немесе жаттықтырушының өзімен нақты уақытта ойнауына мүмкіндік беру үшін пайдалана алады.
Lichess сайтындағы ойын күндері
Тәжірибе шахмат ойнауды үйренуде өте маңызды, сондықтан біз әр апта сайын оқушыларымыз үшін Lichess сайтында тегін ойын турнирлерін өткіземіз. Ойнай алатын барлық оқушыларға қатысуға кеңес береміз — бұл тәжірибе жинап, білімді нығайтуға тамаша мүмкіндік!
📲 Турнирге қатысу сілтемелері сенбі күні таңертең WhatsApp чатына жіберіледі.
lichess.org платформасына тіркелу нұсқаулары

Ұйымдастырушылық тұстар

Өзара әрекеттесу және құндылықтар

ABCHESS құндылықтары

Тәрбиелеу

Шахматшыны ғана емес, тұтас және үйлесімді дамып келе жатқан тұлғаны тәрбиелеу

Дамыту

Баланың интеллектуалдық және физикалық қабілеттерін дамыту

Біріктіру

Әлемнің түкпір-түкпірінен балаларды, отбасыларды және қоғамдарды біріктіру

Шахмат әлеміне тартымды әрі жемісті саяхат тілейміз!